Қазақстан құрамасындағы жеті боксшы U19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.

 ҚР ҰОК 23 Қазан 2026, 22:42
23 Қазан 2026, 22:42
77
Фото: ҚР ҰОК
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

1/8 финалдың қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды.

Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі), Владислав Саможонов (+90 келі) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

ҚР ҰОК мәліметінше, әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.

Наверх