Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада үшінші медальға қол жеткізді

Таэквандодан сынға түскен Нодира Ахмедова қола медаль жеңіп алды

 Видеодан скрин 20 Шілде 2025 2025, 21:29
20 Шілде 2025 2025, 21:29
637
Фото: Видеодан скрин

Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таэквандодан сынға түскен Нодира Ахмедова қола медаль жеңіп алды.

Жартылай финалда қытайлық қарсыласынан жеңілген спортшымыз үшінші орын үшін өткен кездесуде жеңіске жетіп, қола жүлдені иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таэквандодан Дамир Шуленов те қола медаль салған болатын. Осылайша, еліміз жазғы Универсиадада әзірге үш жүлдеге ие болды.

Наверх