Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия командасынан басым түсті

10 Қыркүйек 2023, 21:01
1695
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия командасынан басым түсті
Фото: Ақорда

Қазақстан құрамасы бүгін Астан Аренада Еуро-2024 аясында Солтүстік Ирландия командасымен кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тартысты ойында ұлттық құрама 1:0 есебімен қарсылас команданы тізе бүктірді. Матчтағы жалғыз голды 27-ші минутта Максим Самородов салды.

Кездесу елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтті. Ойынды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалады.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар іріктеу сатысындағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Бұдан бұрын ел құрамасы бес кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.

Енді Қазақстан құрамасы сырт алаңда 14 қазанда Дания, 17 қазанда Финляндиямен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы