Қазақстан құрамасы шахматтан әуесқойлар арасында екінші орын алды

Оманның астанасы Маскатта әуесқойлар арасында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 ҚР Туризм және спорт министрлігі 12 Қараша 2023 2023, 09:16
12 Қараша 2023 2023, 09:16
849
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Оманның астанасы Маскатта әуесқойлар арасында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс Швейцария жүйесі бойынша өтті. Онда Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 2-орынға табан тіреді.

23 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Әбілмансұр Абдулқайыр (ерлер) және Арнаш Бауыржан (әйелдер) чемпион атанды. Чемпионаттың үздік құрамасы 6 медалі бар (оның 4-еуі алтын) Моңғолия болды. Жүлделі үшінші орынды Үндістан құрамасы (2 күміс, 1 қола) иеленді.

FIDE ұйымдастырған әлем чемпионаты 3 жас санатында (U17, U20, U23) өтті.

Наверх