Қазақстан құрамасы биатлоннан алтын және күміс медаль жеңіп алды

Бүгiн, 11:47
219
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы биатлоннан алтын және күміс медаль жеңіп алды
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарында алтын және күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарында екі медальге ие болды.

Харбиндегі (Қытай) жарыстың спринт сайысында төрт қазақстандық спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Одан кейін Вадим Куралес мәре сызығын кесіп, күміс жүлдеге ие болды. 

Айта кетейік, ол биылғы маусымда ғана негізгі құрамда өнер көрсете бастады.

Үшінші орынды қытайлық Гу Цан иеленді.

Ал Әсет Дүйсенов алтыншы, Александр Мухин жетінші орынға тұрақтады.

Өзгелердің жаңалығы