Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қарулы күштерінің халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауап беретін құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кездесті.
Кездесуге Қазақстаннан Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин қатысты.
Іс-шара барысында 2022 жылғы сәуірде Өзбекстан астанасында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің күн тәртібі пысықталып, хаттамалар мен бірлескен ресми хабарлама әзірленді.