Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект жүйесін әзірлеп жатыр

23 Қазан 2025, 14:33
1357
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда қазақ тілінде сөйлей алатын дыбыстық тілдік жасанды интеллект моделін әзірлеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.

Сондай-ақ ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесіне SKY атты ЖИ-ассистент енгізілуіне қатысты пікір білдірді.

Айтуынша, қазақ тіліндегі сапалы дыбыстық ЖИ жүйесін жасау – техникалық тұрғыдан мүмкін. Бірақ көп еңбекті, уақытты және айтарлықтай көлемдегі дыбыстық деректерді қажет ететін күрделі процесс.

Дұрыс сөйлейтін жүйе жасау – техникалық тұрғыдан мүмкін нәрсе. Ол үшін бізге уақыт пен әр аймақтың дыбыстық жазбалары қажет. Сонда ғана қазақ тіліндегі толыққанды дыбыстық тілдік модель жасай аламыз, – деді Дмитрий Мун.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, қазақ тілінде сөйлей алатын жасанды интеллектті дамыту – ЖИ технологияларын ұлттық тіл мен мәдени контекстке бейімдеудің маңызды қадамына айналады.

Еске салайық, бұған дейін депутат Екатерина Смышляева жасанды интеллект жаппай қысқартуға себеп болмайтынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы