Қазақстан қант тапшылығын қалай шешеді

9 Ақпан 2023, 13:13
1059
Бөлісу:
Қазақстан қант тапшылығын қалай шешеді
Фото: Егемен Қазақстан

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде АШМ Агроөнеркәсіптік нарық және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев Қазақстан қант тапшылығымен қалай күресетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда қант бойынша импорттық тәуелділік өте жоғары деңгейде. Елімізде қанттың 40%-ы отандық өндірістікі болса, 60%-ы шетелден импортталады. Оның басым бөлігі Ресей мен Беларусьтан әкелінеді. Былтыр қант жеткізу проблемасы Ресейден олардың тауарды экспорттауға шектеу қоюына байланысты болды. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бетін ашты. Дүкендердегі қант бағасы аз уақыттың ішінде келісіне 490 теңгеден 900 теңгеге қымбаттап кетті, - деп айтты Қанат Жауымбаев.

Департамент директоры атап өткендей, биыл Үкімет қант өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді жоспар қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы