2-3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Qazaqstan Project Management Awards – 2022» III ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Конкурсты ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағы» ЗТБ және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.
Конкурстың негізгі мақсаты - өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын және енгізетін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау.
2021 жылы «Global Project Excellence Awards» IPMA дүниежүзілік конкурсында QazPMA ұлттық конкурсы жеңімпаз атанып, «алтын» жүлдеге ие болды, бұл халықаралық сараптамалық қоғамдастықтың жобалық менеджментті енгізудегі қазақстандық тәжірибені мойындағанын көрсетеді. Конкурсқа қатысушылардың есептерін жобалық менеджмент саласындағы кәсіби асессорлар бағалады. Мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінен, кәсіби қоғамдастықтар өкілдерінен, қазақстандық және халықаралық сарапшылардан тұратын конкурстың қазылар алқасы номинациялар бөлінісінде конкурс жеңімпаздарын анықтады.
- «Жылдың үздік жобасы» номинациясы.«Орталық мемлекеттік органдар» санаты:
- Алтын жүлде иегері - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
- Күміс жүлде иегері - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
- Қола жүлде иегері - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
- «Жылдың үздік жобалық менеджері» номинациясы. «Орталық мемлекеттік органдар» санаты:
- Алтын жүлде иегері - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Шагатаев Даурен Кайрбекович
- Күміс жүлде иегері - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Давыдов Андрей Владимирович
- Қола жүлде иегері - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жакупова Жанар Габдулкаримовна
- «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы.«Орталық мемлекеттік органдар»:
- Алтын жүлде иегері - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
- Күміс жүлде иегері - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
- Қола жүлде иегері - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
- «Жылдың үздік жобасы» номинациясы. «Жергілікті атқарушы органдар» санаты:
- Алтын жүлде иегері - Павлодар облысының әкімдігі
- Күміс жүлде иегері - Алматы облысының әкімдігі
- Қола жүлде иегері - Шымкент қаласының әкімдігі
- «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы. «Жергілікті атқарушы органдар» санаты:
- Алтын жүлде иегері - Павлодар облысының әкімдігі, Тантакова Жания Маратовна
- Күміс жүлде иегері - Астана қаласының әкімдігі, Сауқымбек Дидар Айдарұлы
- Қола жүлде иегері - Маңғыстау облысының әкімдігі, Тұралханов Абай Есенжанұлы
- «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы. «Жергілікті атқарушы органдар» санаты:
- Алтын жүлде иегері - Павлодар облысының әкімдігі
- Күміс жүлде иегері - Шымкент қаласының әкімдігі
- Қола жүлде иегері - Астана қаласының әкімдігі
- «Жылдың үздік жобасы» номинациясы. «Үкіметтік емес ұйымдар» санаты:
- Жеңімпаз - «Даму қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ
- «Жылдың үздік жобасы» номинациясы. «Жоғары оқу орындары» санаты:
- Жеңімпаз - Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Шазақстан техникалық университеті
- «Жылдың үздік жобасы» номинациясы. «Квазимемлекеттік секторы» санаты:
- Алтын жүлде иегері «Мемқалақұрылыскадастры» РМК
- Күміс жүлде иегері - “Shymkent” ӘКҚ” АҚ
- «Жылдың балаға мейірімді үздік жобасы» арнайы номинациясы:
- Жеңімпаз - Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
- «Мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру бойынша үздік жоба» арнайы номинациясы:
- Жеңімпаз - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
- «Үздік РМ-тренер» арнайы номинациясы:
- Жеңімпаз - Мурзина Сауле Ашотовна