Қазақстан Президентінің мемлекетті басқарудағы саяси шешімдері өте құнды - Абдулла Гүл

20 Желтоқсан 2022, 11:34
915
Бөлісу:
Қазақстан Президентінің мемлекетті басқарудағы саяси шешімдері өте құнды - Абдулла Гүл
Фото: Артём Чурсинов

І Орталық Азия медиа форумында Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл геосаяси сілкіністің алдын алу үшін ашық қоғамды дамыту қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Біздің әлем қазір тез дамып жатыр. Қауіпсіздік саласы бойынша геосаяси сілкініс жағдайындамыз. Биыл біздің дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр. Бауырлас елдердің ынтымақтастығы жоғары екені қазіргі геосаяси жағдайдағы тыныштықтан көре аламыз. Қазақстан Президентінің мемлекетті басқарудағы саяси шешімдері өте құнды. БАҚ әлеуетін күшейту үшін ұйымдастырылып отырған форум өңірлік ерекше бастама, - деді Гүл.

Оның айтуынша, ортақ ақпараттық кеңістік құрылатын болса, халықаралық ынтымақтастық нығая түседі.

Цифрлық билік территориялық аумақтық тыныштыққа әсер етті. Мысалыға, қаңтар оқиғасында Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдаған шешімдері ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осы контексте жаңа әлем құру керек. Үкімет журналистерден қорықпауы немесе жасырынбауы қажет. БАҚ пен үкімет бірге болса, қоғам мемлекеттік мәселелерді дұрыс түсініп, қолдайтын болады, - деп атап өтті Абдулла Гүл.

Айта кетейік, бүгін елімізде алғаш рет ұйымдастырылған І Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы