Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан Президентін әлем мойындаған салмақты саясаткер деп атады

23 Шілде 2025, 19:40
1677
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – бүкіл әлем мойындаған салмақты саясаткер, деп мәлімдеді Ресей-Қазақстан баспасөз орталығының сарапшысы, саясаттанушы Андрей Выползовтың бағанында саясаттану ғылымдарының кандидаты Виталий Млечин. Бұл туралы BAQ.KZ gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Млечиннің пікірінше, Тоқаев – реалист, оның сөздерінде пафос жоқ.

Сондай-ақ Млечин Тоқаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтылатынын атап өтті.

Ол Берлинде Тоқаевтың Германия канцлері Олаф Шольцке айтқан сөзін еске салды: 

Қазақстан "антиРесей" емес. Біз Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық бағытын берік ұстанамыз. Бізді әлемдегі ең ұзын шекара біріктіреді.

Сондай-ақ өз колонкасында Выползов Астанада өткен кездесулердің бірінде Ресей Президенті Владимир Путиннің айтқан сөздерін еске салды.

Біз одақтастармыз, стратегиялық серіктеспіз. Біздің ынтымақтастығымызда, қарым-қатынасымызда қандай да бір принципті мәселелер немесе проблемалар жоқ, -деді Путин.

Выползовтың айтуынша, Тоқаевтың Қазақстандағы орыс тіліне қатысты ұстанымы айқын.

Қалай ыңғайлы болса, солай сөйлеу керек. Қазір жастар мемлекеттік тілді де, орыс тілін де, ағылшын және басқа тілдерді де меңгерген. Бұл – жақсы, - деген болатын Тоқаев.

Сонымен қатар, Выползов Тоқаевтың "Қазақстанда адамдарға жеке қарым-қатынаста қай тілде сөйлеуді ешкім мәжбүрлей алмайды" деген сөзін де еске салды.

"Саяси сараптамалық топ" жетекшісі Константин Калачев та Қазақстан сыртқы саясатты кез келген егемен ел сияқты өз ұлттық мүдделеріне сай жүзеге асырып жатқанын айтты.

Көпвекторлы саясат одақтастық қатынастардан бас тарту дегенді білдірмейді. Қараңғы бөлмеден жоқ нәрсені іздеудің қажеті жоқ. Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар - тең құқылы, әрі олар нақты бірлескен жобалармен нығайтылған. Өйткені Тоқаев - сенімді одақтас және серіктес, - деді Калачев.

Выползов интернетте кейде Астананы "одақтастық бағытқа" жеткілікті берілмеді деп кінәлап, Тоқаевты Батысқа бет бұрды деп айыптайтын жарияланымдар пайда болатынын атап өтті. Саясаттанушы мұндай айыптаулар шындыққа жанаспайтынын айта кетті.

Өзгелердің жаңалығы