Қазақстан Президенті іссапармен Ресейде

3 Сәуір 2019, 14:48
1985
Бөлісу:
Қазақстан Президенті іссапармен Ресейде
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды. Бұл туралы РИА Новости жазды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде шетелге алғашқы сапарын Ресейге жасады. 

Президент борты "Внуково-2" әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келді.

Басқышта Мемлекет басшысын Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды. 

Ал құрметті қарауыл екі елдің әнұранын орындады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. 

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі мәдени-гуманитарлық, саяси, сауда-экономикалық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін ҚР Президенті ресми сапармен Ресейге баратынын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы