Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан паспортының түсі өзгере ме?

Бүгiн, 17:52
191
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Желіде Қазақстан паспортының түсі өзгеретіні туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл тақырып қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, желі қолданушысы Арман Жоламан өз жазбасында Қазақстан паспортын жоғары бағалады. 

"Шетелдіктер біздің осы паспортымызды көрген кезде тамсанып қарайды. Түсі де, түрі де сұлу" деп пікір білдірген. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, паспорттың дизайны өзгереді деген болжамдардың таралуына түрткі болды.

Алайда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Қазақстан паспортының түсін өзгерту жөнінде ешқандай ресми шешім қабылданбаған.

Жоқ, өзгермейді. Бұл – жалған ақпарат. Желіде тараған бір-екі эскиз – жекелеген азаматтардың өз бастамасы ғана, – деп мәлімдеді Мемлекеттік кеңесші

Осылайша, Қазақстан паспортының дизайнына қатысты желіде тараған әңгімелер ресми дерекке сәйкес шындыққа жанаспайды. Қазіргі қолданыстағы паспорттың түсі мен үлгісі өзгеріссіз қалады

Өзгелердің жаңалығы