Қазақстан Париж Олимпиадасындағы тарихи медалі үшін марапатталды

22 Қыркүйек 2024, 22:27
298
Бөлісу:
Қазақстан Париж Олимпиадасындағы тарихи медалі үшін марапатталды
Фото: скрин

Шанхайда өткен Азия гимнастика одағының (AGU) Конгресінде Қазақстан гимнастика федерациясы 2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарындағы спорттық гимнастика бойынша тарихи медалі үшін құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске сала кетейік, ат снаряды жаттығуы финалында Нариман Құрбанов 15,433 ұпай жинап, екінші орын иеленді.

Елімізде Олимпиада жүлдегеріне автокөлік сыйға берілді.

Өзгелердің жаңалығы