Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты.</p>

 2 Шілде 2022 2022, 16:00
2 Шілде 2022 2022, 16:00
1889

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты.

Бұл туралы  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерден түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы" "Дәуіт-ата" – "Тәжен" өткізу пунктінде (автомобиль) адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша "Қарақалпақстан" – "Бейнеу" бағыты бойынша теміржол қатынасын тоқтату жоспарланып отыр, - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Наверх