Қазақстан-Өзбекстан шекарасында неліктен көлік жиналып қалды

11 Маусым 2024, 12:37
456
Бөлісу:
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында неліктен көлік жиналып қалды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

ҰҚК Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатқанын хабарлайды.

Атап айтқанда, «Жібек жолы» өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуіне байланысты.

Сондай-ақ қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері шаттық режимде жұмыс істеуде.

Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы