Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселеге қатысты заңды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды.
Оның сөзінше, келісімге 2021 жылғы 6 желтоқсанда Астанада қол қойылды.
Келісімнің мақсаты - Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарын бақылаудың тиімділігін арттыру. Келісімде Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру көзделеді, - деді министр.
Жамаубаев бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді.
- тараптардың кеден органдары балансында есепке алу тораптары (аспаптары) тұрған ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу жөніндегі ай сайынғы іс-шараларды жүргізу;
- есепке алу аспаптарына салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының тұтастығын, сәйкестендіру құралдарын жоюды/салуды тексеру.
Келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелеріндегі өз қызметінің тәжірибесі туралы, анықталған фактілер және мемлекеттердің кеден істер саласындағы ұлттық заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактілері және анықтау тәсілдері мен олардың жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу көзделеді, - деді ол Мәжілісте.
Депутаттар заң жобасын дауысқа салып, оң қорытынды шығарды.