Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан Орталық Азияда алғаш болып дәрілерді таңбалауға көшті

2 Желтоқсан 2025, 11:33
273
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстан Орталық Азияда дәрілік заттарға алғашқылардың бірі болып таңбалау және қадағалау жүйесін енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді.

Цифрландыру бағытындағы жұмыстар аясында Министрлік дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азияда бұл процестің толық циклін іске қосқан жалғыз ел болып отыр. Таңбалау шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу көлемдерін жоспарлау процесі цифрланды, бұл қажеттілікті нақты болжауға мүмкіндік береді, - деп атап өььі еліміздің бас дәрігері.

Айтуынша, сонымен қатар өнімді нарыққа жедел шығару үшін тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, тіркеу мерзімі екі есеге қысқарған.

Қазіргі уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімдері толықтай электрондық форматқа көшірілген. Қазақстандық тауар өндірушілерді нысаналы түрде ілгерілету үшін оларға арнайы критерийлер айқындалды, - дейді Ақмарал Әлназарова.

Өзгелердің жаңалығы