Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда мұнай өндірісі тәулігіне 320 мың баррельге қысқаруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлім етті.
Каспий құбыр консорциумындағы қалпына келтіру жұмыстарының жағдайына байланысты Қазақстанның жоғалған өндіріс көлемі шамамен тәулігіне 320 мың баррельді (ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейінгі жөндеу кезеңінде 1,3 млн тонна) құрауы мүмкін. Бұл қысқарту ОПЕК+ серіктестерімен өзара әрекеттесу аясында өтемақы жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады, – делінген министрлік мәліметінде.
Маусым-шілде айларында НСОС объектілерінде күрделі жөндеу жүргізуді ескере отырып, Қазақстан маусым айының соңына қарай ОПЕК+келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша өз міндеттемелерін толық өтейді.