Қазақстан неге әскерді реформалауға көңіл бөлуі керек – саясаттанушымен сұхбат

17 Қазан 2024, 18:10
515
Бөлісу:
Қазақстан неге әскерді реформалауға көңіл бөлуі керек – саясаттанушымен сұхбат
Фото: BAQ.KZ

Көпвекторлы бағыт ұстану Қазақстанға қаншалықты тиімді? Еліміз неге әскери қуатын арттыруға көңіл бөлуге тиіс? Қазіргі халықаралық жағдай ел саясатына қалай әсер етеді? Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының директоры, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиевамен сұхбаттасты. 

– Көпвекторлы саясат Қазақстанға не береді? Еліміз діттеген талабын қоя алып жатыр ма? 

Еліміздің сыртқы саясатындағы көпвекторлық принцип - ұзақ мерзімді перспективада артықшылықтар береді. Осы арқылы біз негізгі ойыншылармен және басқа мемлекеттермен тең құқылы қарым-қатынас орнатамыз. Алайда мұның әлсіз тұстары да бар. 

Мәселен ситуацияға қарай әрекет етеміз. Ешкімді «ренжітпеуге» тырысып, әрбір жеке жағдайда маневр жасап, ағынға ілесеміз. Егер бейтарап ел ретінде қалғымыз келсе, бұл ұстаным орынды. 

Бірақ өз амбицияларымызды жүзеге асырғымыз келсе, бейбіт келіссөздерге қатысатын ел ретінде ықпалды ойыншы болғымыз келсе, онда стратегияны өзгертуге тиіспіз. Бізде жағдайға байланысты жауап емес, мағыналы саясат болуы қажет.

– ⁠Сонда сыртқы саясатта қандай стратегияны өзгертуіміз керек? 

–Халықаралық аренада саясаткерлердің буыны ауысып жатыр, стратегиялар мен бұрыннан қалыптасқан құндылықтар өзгеріп келеді. Қазақстан осы үрдістерді ескере отырып, жағдайға байланысты әрекет етуді қоюымыз керек. Біреуді, әсіресе көршілерімізді немесе негізгі ойыншыларды көңіліне қарай бермей, маневр жасауға мүмкіндік беретін құндылықтарымызды дамытқан дұрыс.

– ⁠Кейбір сарапшылар 2030 жылға қарай әлемде әскери қақтығыстардың саны артуы мүмкін дейді. Бұл тұрғыда сіздің ойыңыз қандай? 

– Бүгінгі таңда халықаралық аренада әртүрлі сценарийлер талқыланып жатыр. Біз дамыған мемлекеттердің әскери әлеуетін арттырып, армияға арналған бюджетті ұлғайтып жатқанын көреміз. НАТО-ның бюджеті көбейді және оған қатысушылар бюджетін арттырған жайы бар. Бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. 

Мұның бәрі халықаралық аренадағы жағдайдың бейнесін көрсетіп тұр. Әлемдегі Оңтүстік мемлекеттер қазіргі жағдайға қарсы шығып, екінші болып қалғысы келмейді. Олар жаһандық Солтүстік елдері жасаған халықаралық тәртіпке қарсы шығып отыр.

– Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайдан қандай сабақ алуымыз керек? 

– БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалау жөнінде әңгіме жүріп жатыр. Әрине, бұл ертең талқылау емес, бірақ тартысты болатыны анық. Сондықтан Қазақстан сияқты елдер үшін амбициялары болса, онда бұл талқылауларға қосылуға мүмкіндік бар. 

Украина мен Таяу Шығыстағы жағдай қарулы күштермен жұмыс жасау керегін анық түсіндірді. Біз АҚШ пен Ресейдің әскери доктринасында ядролық қаруды қолдануға қатысты өзгерістер болғанын білеміз. 

Біріншіден, АҚШ өзгерістер енгізді, бірақ неге екенін белгсіз, бұл жаңалық көлеңкеде қалды. Жақында солтүстік көршіміз өзгертулер енгізуге көшті. Демек, бұл армиямызды реформалау керек деген сөз.

- Сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы