Қазақстан моноқалаларында қандай проблемалар бар

3 Мамыр 2023, 15:38
1192
Бөлісу:
Қазақстан моноқалаларында қандай проблемалар бар
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев еліміздегі моноқалалардағы проблемалар мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол осыған қатысты сауалын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға бағыттады.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 27 моноқала бар және оларда 1,4 млн адам тұрады. Көбісінде ұқсас және шешілмеген проблемалар аз емес.

Негізгілері – тұратын жерінен көшіп кету, халық санының азаюы, жоғары жұмыссыздық деңгейі, инженерлік, көлік инфрақұрылымның тозуы және әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігі мен төмен материалдық-техникалық қамтылуы.

Мысалы, Екібастұз, Кентау және Арқалық қалаларында су желілері, канализациялық, жылу және электрмен жабдықтау жүйелердің тозу мөлшері 85%-дан астам. Арқалықта жолдардың 80%-дан астамы қанағаттандырылықсыз жағдайда, ал бала өлімі көрсеткішінің өсуі 2022 жылы алдындағы жылмен салыстырғанда 40%-ға артқан. Оның негізгі себептері – медицина кадрларының тапшылығы мен денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің төмендігі. Нәтижесінде халықтың 50%-дан астамы басқа өңірлерге көшіп кетуге мәжбүр болды, - деп айтты ол.

Бейсенғалиевтің айтуына қарағанда, дәл осындай проблемалар Қостанай облысының Амангелді, Жангельдин сияқты алшақ аудандарында да бар.

Осыған орай, ұлттық экономика министрлігі мен әкімдіктер Алтай, Балқаш, Жаңатас, Қаратау, Лисаковск, Риддер, Серебрянск, Степногорск және Арқалық сияқты 10 қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген. Осы күнге дейін ол жаспарларды Үкімет әлі бекіткен жоқ. Яғни 2023 жылдан бастап іске асырылуы тиіс кешенді жоспарлар әлі орындалмай отыр, - дейді Берік Бейсенғалиев өзінің сауалында.

Депутат моноқалалар және олардың жанындағы аудандардың дамуы үшін аталған кешенді жоспарлар жобаларын Үкіметтің бекітуін жеделдету және оны іске асыруға кірісу қажет деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы