Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан – менің екінші мерзімімде Авраам келісіміне қосылған бірінші ел – Трамп

7 Қараша 2025, 06:41
358
Бөлісу:
 Rebecca Noble/Getty Images
Фото: Rebecca Noble/Getty Images

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Авраам келісіміне қосылуын әлем елдері арасында алтын көпір орнатудағы маңызды қадам деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлестім. Қазақстан менің екінші мерзімімде Авраам келісіміне қосылған бірінші елге айналды және бұл басы ғана. Бұл – бүкіл әлем бойынша алтын көпір орнатудағы алғашқы үлкен қадам. Бүгінде көптеген ел менің Авраам келісімім арқылы бейбітшілік пен өркендеуді қабылдауға ниет танытып отыр. Таяу уақытта мұны ресми жасау үшін қол қою рәсімі жайын жария етеміз және де көптеген ел осынау күш клубына қосылуға тырысып жатыр. Елдерді тұрақтылық пен өсім – нағыз прогресс, шынайы нәтиже үшін біріктіруде әлі де көп дүние істеу қажет, – деп жазды АҚШ Президенті.

Қазақстан – менің екінші мерзімімде Авраам келісіміне қосылған бірінші ел – Трамп

Айта кетейік, Қазақстанның Авраам келісіміне қосылатыны туралы Аxios басылымы хабар таратты.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйге барғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы