Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты әуе қатынасы жанданатын болады

27 Тамыз 2022, 13:03
698
Бөлісу:
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты әуе қатынасы жанданатын болады

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фам Тхай Ньы Май және "Vietjet Air" әуе компаниясының өкілі Нгуен Чи Таммен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Вьетнам тарапы Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға дайындығын білдірді. 

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Камрань – Алматы бағыты бойынша "Vietjet Air" әуе компаниясының алғашқы рейсін ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, авиакомпания Камрань қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына рейстер ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен ұшатын болады.

Қазіргі уақытта "Vietjet Air" авиакомпаниясы Қазақстан аумағында шетелдік авиатасымалдаушы ретінде аккредиттеуден өтуге дайындалуда. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тікелей тұрақты әуе қатынасын жаңарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы