Қазақстан мен Ватиканның дипломатиялық қатынастарына 30 жыл

17 Қазан 2022, 21:30
1483
Бөлісу:
Қазақстан мен Ватиканның дипломатиялық қатынастарына 30 жыл

Бүгін Қазақстан мен Ватикан екіжақты ынтымақтастық тарихындағы маңызды күнді – дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы үш онжылдықта Қазақстан мен Қасиетті Тақ өзара құрмет пен ортақ басымдықтардың берік байланыстарына негізделген достық байланыстар мен сан қырлы ынтымақтастықты дамыта алды.

Қазақстан Ватиканмен қарым-қатынас туралы келісімге қол қойған Орталық Азияның бірінші мемлекеті болып табылады (1998 ж.), ал 2001 ж. Католик шіркеуінің басшысы барған өңірдегі алғашқы мемлекет болды.

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың (2021 ж. қараша) және Премьер-Министрдің орынбасары Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің (2022 ж. мамыр) Ватиканға сапарлары соңғы жылдары тұрақты тығыз және сенімді диалогтың айғағы болды.

Ағымдағы жылы Қазақстан-Ватикан ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасы едәуір кеңейді. Атап айтқанда, Қазақстанның университеттік медициналық орталығы мен «Бамбино Джезу» ауруханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Сүлейманов атындағы Шығыстану институты мен Ватикан Апостолдық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған 1998 жылғы Қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімге қол қойылды.

Рим Папасы Францисктің 13-14 қыркүйекте Қазақстан астанасына мемлекеттік (апостолдық) сапарын ескере отырып, биылғы жыл екіжақты қатынастардың даму тарихында ерекше жағдайға ие болды. Оның шеңберінде Католик шіркеуінің басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысып, мыңдаған тәуап етушілер үшін қасиетті месса өткізді және азаматтық қоғам өкілдерімен дипломатиялық корпус сөз сөйлеп, алдында ұлы Абайдың сөзін келтіріп, домбыраның үлгісінде қазақ мәдениеті туралы терең білімін көрсетті.

Рим Папасы атап өткендей, Қазақстан «кездесу және диалог орны» бола отырып, дінаралық және өркениетаралық диалог құруда ерекше рөл атқарады.

Қазақстан Католик шіркеуінің жақсылық, әділдік, ынтымақтастық және жанашырлық мұраттарына негізделген жаһандық көзқарасымен бөліседі. Осыған байланысты, біздің еліміз Қасиетті Тақпен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және дамытуға бет алған бағытты одан әрі жүргізуге ниетті.

Өзгелердің жаңалығы