Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық диалог тереңдей түсуде

Кеше, 20:21
203
Бөлісу:
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық диалог тереңдей түсуде
PHOTO

Қазақстан мен Ұлыбритания екіжақты стратегиялық диалог пен ынтымақтастықты дәйекті түрде кеңейтуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуын атап өткен тараптар 11 ақпанда Ұлыбритания астанасында Қазақстан-Ұлыбритания Стратегиялық диалогының 8-ші отырысын өткізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік министрі Стивен Даути төрағалық етті.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық диалог тереңдей түсуде

Диалог барысында делегациялар саясат, экономика, инвестициялар, энергетика, экология, мәдениет, білім және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өткен жылдың сәуір айында қол қойылған Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау барысы қаралды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық диалог тереңдей түсуде

Роман Василенко екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тиімді байланыстарды құптап, олардың көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті. Ол 2024 жылы өткізілген іс-шаралардың, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен Бакуде өткен COP29 климаттық конференциясы аясындағы кездесуінің екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға және нығайтуға деген өзара ұмтылысты көрсететінін айтты. Осыған байланысты Стратегиялық диалог аясында сауда-инвестициялық серіктестікті кеңейту, іскерлік байланыстарды нығайту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық диалог тереңдей түсуде

Отырыс барысында Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбританияның GLAA агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Ұлыбританияда уақытша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ ақпарат, тәжірибе және еңбек құқықтарын қорғау саласындағы озық тәжірибелермен алмасу мақсатында екі елдің тиісті ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық диалог тереңдей түсуде

Лондонға сапары аясында Р.Василенко Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасы төрағасының бірінші орынбасары Нусрат Ганимен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық диалогты дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ ол Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты сияқты британдық сараптамалық қауымдастық өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

Өзгелердің жаңалығы