Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Түркия медиакоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

30 Шілде 2025, 11:41
698
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары барысында ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) мен ТР Президенті жанындағы коммуникациялар басқармасы (КБ) арасында келісімге қол қойылды. Құжатқа ОКҚ директоры Асқар Омаров пен ҚК басшысы Бурханеттин Дуран қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келісімде төмендегі бірқатар бағдарлама қамтылған:

  • медиааналитика;
  • цифрлық коммуникациялар;
  • контент алмасу;
  • мамандардың біліктілігін арттыру.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Келісім екі ел арасындағы заманауи коммуникациялық технологиялық платформалар, тәжірибе алмасу және ортақ ақпараттық кеңістікті кеңейту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Еске салсақ, кеше, 29 шілде күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапармен барып, екі ел арасындағы жан-жақты серіктестікті жаңа деңгейге көтеретін маңызды келісімдерге қол қойды. BAQ.KZ Мемлекет басшысының бауырлас елге жасаған сапары аясында қандай маңызды келісімдерге қол жеткізілгеніне шолу жасап шықты.

Өзгелердің жаңалығы