«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында халықаралық онлайн-дәріс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оған мәдени мекеме қызметкерлері, Түркияның Анкара университеті профессорлары мен докторанттары қатысты.
Шара барысында қатысушылар Тараздың әлемдік мәдениеттегі рөлін, Ұлы Жібек жолында орналасқан қаланың ежелгі және ортағасырлық археологиясының зерттелу тарихын талқылады.
Сондай-ақ Қарахан кесенесі, Айша-Бибі кесенесі сияқты республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген Жамбыл өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз-әңгімелеріне де тоқталып өтті.