Қазақстан мен Словения: Ұлттар лигасының ойынын қайдан көруге болады

Бөлісу:
Қазақстан мен Словения: Ұлттар лигасының ойынын қайдан көруге болады
Фото: ҚФФ

13 қазан күні футболдан Қазақстан мен Словения ұлттық құрамалары Ұлттар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді.

Командалардың Люблянадағы алғашқы ойыны 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған еді.

Ұлттар лигасының В дивизионының 3 тобында 7 ұпаймен Норвегия көш бастап тұр. Одан кейін Австрия (4), Словения (4) және Қазақстан (1) келеді.

Өзгелердің жаңалығы