Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика және технология салаларындағы серіктестікті тереңдетпек

7 Қазан 2025, 06:25
439
Бөлісу:
 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің энергетика, инфрақұрылым және өнеркәсіптік шешімдер саласындағы жетекші компанияларының бірі «Al Busaili» компаниясының төрағасы Әли әл-Бусейлимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларды бірлесіп іске асыру, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен энергия үнемдеу бағыттарында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Әли әл-Бусейли Қазақстанмен өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтіп, екі ел арасындағы серіктестіктің энергетика мен өнеркәсіп саласында жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

Өз кезегінде Елші Мадияр Меңілбеков Қазақстан Үкіметі ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Бұл кездесу екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды, соның ішінде жасыл энергетика, технология және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы серіктестікті кеңейтуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы