Қазақстан мен РФ Үкімет басшылары сауда-экономикалық әріптестікті талқылады

Тараптар екіжақты келіссөздер жүргізді.

 Үкіметтің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 18:20
Бүгiн 2026, 18:20
190
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин ҚР мен РФ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов және Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп және энергетика, көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында қазақ-ресей қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Соңғы жылдары өзара сауда көлемі 30 млрд-тық межеге едәуір жақындады, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ресей Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы елдер қатарында. Мәселен, өткен жылдың 9 айында көршімізден $2,1 млрд инвестиция тартылды. Ал 20 жыл ішінде ресейлік тікелей инвестициялар көлемі $28,5 млрд-қа жетті. Қазақстан РФ экономикасына $9 млрд инвестиция салды.

Сізді және қазақстандықтарды тарихи оқиғамен, жаңа Конституцияларыңыздың қабылдауымен шын жүректен құттықтаймын. Референдум нәтижесі Қазақстан халқының ел Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың заманауи әрі өркендеген мемлекет құру, республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру бағытын қолдайтынын нақтылай түсті, - деді Михаил Мишустин.

Наверх