Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Ресейдің шекарасында жер сілкінді

15 Шілде 2024, 11:36
870
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймағында бүгін жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығында хабарлады.

ҰЯО деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 04:41-де (Гринвич бойынша 22:41) Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 250 км жерде болған.

Эпицентрдің координаттары: 49.10 градус солтүстік ендік, 85.92 градус шығыс бойлық. Mpv магнитудасы = 3.7. Энергетикалық класс К = 9,7. Тереңдігі h = 13,5 км, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы