Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті

22 Сәуір 2022, 23:20
1771
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, оның барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасылды.

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті

Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайту, отын-энергетика және ғарыш салаларындағы өзара іс-қимыл жөніндегі практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және БҰҰ интеграциялық бірлестіктері шеңберіндегі ынтымақтастық, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы