Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Роман Скляр мен РФ энергетика министрі Сергей Цивилев энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Үкімет баспасөз қызметі 11 Қазан 2024 2024, 11:25
11 Қазан 2024 2024, 11:25
713
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Роман Скляр мен РФ энергетика министрі Сергей Цивилев энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы Санкт-Петербург халықаралық газ форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тараптар энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ниетті.

Наверх