Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қатынастардың 33 жылдығын атап өтуде

22 Қазан 2025, 14:53
639
Бөлісу:
 Depositphotos
Фото: Depositphotos

Бүгін, 22 қазан күні, Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақыт ішінде екі ел арасында стратегиялық серіктестікке, одақтастыққа және халықтар арасындағы көпғасырлық достыққа негізделген берік өзара іс-қимыл жүйесі қалыптасты. Ынтымақтастық экономика, энергетика, қауіпсіздік, мәдениет, білім және гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, барлық негізгі салаларды қамтиды, - делінген Қазақстандағы Ресей елшілігінің хабарламасында.

Айта кетерлігі, дәл бүгін Мәскеуде Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі өтіп жатыр. Бұл – Көшербаевтың жаңа лауазымдағы алғашқы шетелдік сапары, ол екі ел арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипатын және Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саясатының одақтастық бағытын айқындай түседі.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, стратегиялық әріптестікті нығайтуға және заманауи сын-қатерлерге бірлесіп жауап беруге дайын екендерін растады.

Мерейтойлық құттықтауда елшілік Қазақстан мен Ресей арасындағы одақ болашақта да нығайып, екі халықтың тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы