Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 2 наурызда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 23 отырысы өтті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
ҮАК-тің тең төрағалары — Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Ресей тарапынан Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Логвинович Оверчук.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, отын-энергетика кешені, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, әлеуметтік-еңбек қатынастары, ақпараттық технологиялар, мәдениет, туризм, жастар саясаты, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өзара іс-қимылы саласындағы өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Ресей мемлекет басшылары деңгейіндегі, сондай-ақ басқа да деңгейлердегі кездесулердің қарқындылығымен нығайтылған мемлекетаралық байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейіне ие. Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып қала береді. Биыл елдер дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $24,2 млрд құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 29,1%-ға артық ($18,8 млрд).
Отырыс барысында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдеріміз арасындағы сауда көлемі таяу жылдары $30 млрд-қа жетуі мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстан мен Ресей арасында табысты өнеркәсіптік кооперацияның мол тәжірибесі бар. Бүгінде машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі және т. б. салаларда шамамен $2,6 млрд сомасына 8 ірі бірлескен жоба іске асырылуда. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, $1,4 млрд-қа жуық сомаға тағы 11 жоба пысықталу сатысында тұр.
Машина жасау – өнеркәсіптік кооперацияның негізгі бағыты. Біз мұнай-газ машина жасау саласындағы жаңа кооперациялық жобаларды іске асыруға, автокомпоненттік база құруға мүдделіміз. Құрамдастар мен қосалқы бөлшектер өндірісін игеру арқылы автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз, - деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ қазақстандық тараптың бастамасы бойынша Ресей Федерациясының нарығына жоғары вольтты жабдықтардың қол жеткізу мәселесі қаралды. Бір-бірінің нарықтарына өзара кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықты аттестаттау кезінде нақты бұзушы сынақтардың орнына «есептеу әдісін» пайдалану және осы тәжірибені «Жоғары вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентіне жедел қол қою мақсатында пайдалану, мемлекеттік және жекелеген заңды тұлғалардың сатып алуына тең қол жеткізу мәселесін пысықтау және Ресейдің ірі желілік энергетикалық компанияларына қол жеткізу үшін көрсеткіштердің көпшілігі бойынша қазақстандық зертханаларда орындалған сынақтарды тану туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ресей тарапы металлургия, ғылыми және өндірістік саладағы кооперацияны кеңейтуге мүдделілік білдірді. Тараптар, сондай-ақ, цифрлық күн тәртібі, кедендік-салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатындағы өзара іс-қимыл, гидроэнергетика саласындағы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.
Соңында Бақыт Сұлтанов екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға дайындығын растады.
Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының XXIII отырысының хаттамасына қол қойылды. Үкіметаралық комиссияның келесі XXIV отырысы 2023 жылы Қазақстан Республикасында өтеді.