Мәжіліс осы мәселеге қатысты заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Ішкі істер министрі Ержан Сәденов таныстырды.
Келісімге Мемлекет басшысының Қытайға сапары барысында 17 мамырда қол қойылған болатын.
Құжат төрт бағыттан тұрады. Олар - екі елдің келген азаматтары берілген визалар, келу және болу тәртібін бұзу, азаматтыққа қабылданған адамдар туралы ақпаратпен алмасу. Бұл мәліметтер қос азаматтыққа қарсы күрес, заңсыз көші-қон арналары жолын кесуге септігін тигізеді, - деді Сәденов.
Шартты іске асыратын құзыретті органдар – Қазақстан жағынан Ішкі істер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері. Қытай жағынан Сыртқы істер министрлігі мен Көші-қон істері бойынша мемлекеттік басқарма.