Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы көлемі 26 млн тоннадан астамды құрады

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан мен Қытай арасында 26,1 млн тонна көлемінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының кеңесінде келісілген темір жол көлігімен тасымалдаудың жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 Желтоқсан 2023 2023, 21:11
АВТОР
 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 4 Желтоқсан 2023 2023, 21:11
4 Желтоқсан 2023 2023, 21:11
860
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан мен Қытай арасында 26,1 млн тонна көлемінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының кеңесінде келісілген темір жол көлігімен тасымалдаудың жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсті. Достық станциясы арқылы тасымалдау көлемі 14,7 млн тоннадан асты, бұл 2022 жылғы деңгейден 17% жоғары. Алтынкөл станциясы арқылы тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 30% өсіп, 11, 4 млн тоннаға жетті.

Стратегиялық көрсеткіштер екі ел теміржолшыларының бірлескен күш-жігері мен үйлесімді жұмысының арқасында сәтті орындалды. 2024 жылға 27,8 млн тонна көлемінде тасымалдау жоспарланған.

Наверх