Қазақстан мен ҚХР өзара визасыз режим енгізеді

12 Сәуір 2023, 16:47
1501
Бөлісу:
Қазақстан мен ҚХР өзара визасыз режим енгізеді
Фото: gov.kz

Тиісті келісімге мамыр айында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары барысында қол қойылады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаулы жобасында Қазақстан мен Қытай өз азаматтары үшін өзара визасыз режим енгізеді деп көрсетілген. 

Визалық талаптардан өзара босату екі ел арасындағы үкіметаралық келісімде қарастырылған. Сыртқы істер министрліктері басшыларының келісімге қол қоюы 18-19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Келісімге сәйкес, қазақстандықтар Қытайда визасыз, ал оның азаматтары Қазақстан аумағында шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүре алады. 

Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді, - деп атап өтті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы