Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестікті нығайтуда: жаңа келісімдер жасалды

15 Қараша 2025, 10:35
387
Бөлісу:
 Ақорда
VIDEO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестікті нығайтуда: жаңа келісімдер жасалды

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестікті нығайтуда: жаңа келісімдер жасалды

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы