Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналым бір жылда 3,6%-ға артты

6 Қыркүйек 2025, 02:10
708
Бөлісу:
 gov/kz
Фото: gov/kz

2025 жылы 5 қыркүйекте Астанада Қазақстан–Моңғолия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Қазақстан Үкіметінің атынан сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шараның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгалан бастаған парламенттік делегацияның сапары ерекше мәнге ие. Бұл – 20 жылдан астам уақыттан кейінгі ең жоғары деңгейдегі алғашқы ресми сапар. Вице-премьердің пікірінше, бұл қадам екі ел арасындағы сенімнің жоғары деңгейін және саяси диалог пен экономикалық әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенімізді көрсетеді.

Қазақстан мен Моңғолияны географиясы мен тарихы ғана емес, рухани жақындық пен мәдени дәстүрлер де байланыстырады. Халықтарымыз ғасырлар бойы достықты, өзара түсіністікті сақтап келеді. Бүгінде осы мұраны жаңа мазмұнмен байытып, ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар, – деді Серік Жұманғарин.

Отырыста мемлекеттік органдар мен Қазақстан Парламентінің өкілдері, "Атамекен" ҰКП, Сыртқы сауда палатасы, квазимемлекеттік сектор, сондай-ақ қос елден келген 100-ден астам кәсіпкер қатысты.

Өзгелердің жаңалығы