Қазақстан мен Монако арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 15 жыл болды

16 Қаңтар 2024, 02:28
518
Бөлісу:
Қазақстан мен Монако арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 15 жыл болды
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Кеше, 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Монако Княздігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Айбек Смадияров айтты.

Осы 15 жылда Қазақстан мен Монако өзара құрмет пен ортақ басымдықтардың берік байланыстарына негізделген достық қатынастырды дамыта алды. 2009 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел де экономика, сауда, туризм және мәдениетті қоса алғанда, әртүрлі салаларда табысты өзара ынтымақтасып келеді.

Мәдени байланыстар Қазақстан – көшпелі өркениеттің бесігі мен Монако – Жерорта теңізі жағалауындағы қала-мемлекет арасындағы қатынастар маңызды рөл атқарады. Мәдени іс-шараларға қатысу арқылы екі елдің халықтары бір-біріне жақындай түсіп жатыр. Бүгінде Қазақстан мен Монако Княздігі өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге бейілдігін білдіре отырып, сеніммен және оптимизммен алға ұмтылып келеді, - деп жазды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.

Өзгелердің жаңалығы