Қазақстан мен Мальдивтер визасыз режим туралы келісімге қол қойды

9 Мамыр 2022, 19:20
1883
Бөлісу:
Қазақстан мен Мальдивтер визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Бұл екі елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдивтер аумақтарына 30 күннен аспайтын мерзімге келуге және онда болуға мүмкіндік береді. 

Бұл ретте, жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта кіруге ниет білдірген адамдар тиісті визаны ресімдеу қажет.

2021 жылғы қазан айында Қазақстан мен Мальдивтер өз азаматтарына екі елдің шекараларын өту кезінде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамаларын беру міндеттемесінен босататын вакцинация паспорттарын өзара мойындағаны мәлім.

Өзгелердің жаңалығы