Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзия Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Нұр Жазлан Мохамедпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ CІМ сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, екіжақты, сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттесуді тереңдету мәселелерін талқылады.
Елші сұхбаттасын Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырып, Астана халықаралық форумы аясында елімізге келуге шақырды.
Кездесу нәтижесінде екі ел парламенттері арасындағы "Достық тобы" аясында қарқынды өзара іс-қимылды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.