Қазақстан мен Корея құрылыс пен өнеркәсіптік экология бағытындағы әріптестікті дамытуға келісті

10 Наурыз 2023, 19:37
985
Бөлісу:
Қазақстан мен Корея  құрылыс пен өнеркәсіптік экология бағытындағы әріптестікті дамытуға келісті
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Осыған байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Корея Республикасының Азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты, Назарбаев университеті, сондай-ақ Қазақстанның республикалық жобалаушылар одағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады BAQ.KZ

Бұл орайда аталған шетелдік ұйым Корея Республикасында ауылды және қалалық жердегі инфрақұрылымды дамытып, ақылды әрі сейсмикаға төзімді ғимараттар салу саласында көшбасшылардың бірі болып саналатынын айта кетейік. 

Қазақстан мен Корея  құрылыс пен өнеркәсіптік экология бағытындағы әріптестікті дамытуға келісті

Кездесу барысында институттың президенті Ким Бен Сук жоғарыда айтылған бағытта екі елдің ғылыми қауымдастығының арасында тығыз байланыс орнатылса деген ниетін жеткізді.

Қазақстан мен Корея  құрылыс пен өнеркәсіптік экология бағытындағы әріптестікті дамытуға келісті

Өз кезегінде ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Ілияс Оспанов бұл меморандумның Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуда маңызды екенін айтты. Себебі еліміздің аумағы үлкен және климаттық жағдай алуан түрлі болғандықтан белгілі бір құрылыс нормалары мен талаптарды сақтау қажет.

Өзгелердің жаңалығы