Қазақстан мен Корея орман шаруашылығында ынтымақтастықты дамытады

12 Маусым 2024, 00:25
596
Бөлісу:
Қазақстан мен Корея орман шаруашылығында ынтымақтастықты дамытады
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы орман шаруашылығын дамыту жөніндегі ынтымақтастық табысты дамуын жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Бұл бірқатар негізгі бастамалар мен бірлескен жобаларды іске асыруда көрініс табуда.

Корея қызметі ұсынған орман шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы жаңа меморандум әзірлеу жөніндегі бастама екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы және орман ресурстарын қорғау жөніндегі бірлескен күш-жігердегі ортақ мақсатымызды растайды. Осы құжатқа қол қою осы бағыттағы маңызды қадам болып отыр және орман шаруашылығы саласындағы бірлескен зерттеулер мен жобалар үшін жаңа көкжиектер ашады.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің осы саладағы өзара ынтымақтастығы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 13 мың гектар алқапқа сексеуіл екпелерін отырғызу бойынша бірлескен күш-жігермен жұмыстар жүргізілген бірлескен жобадан басталды. Сексеуілдің бір бұтасы шамамен төрт тонна құм ұстайтынын ескеру қажет.

Өзгелердің жаңалығы