Қазақстан мен Корея кәсіпкерлері кездесті

8 Желтоқсан 2023, 20:28
576
Бөлісу:
Қазақстан мен Корея кәсіпкерлері кездесті

Биыл 10 айда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 5 миллиард 300 мың долларға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан елшісі Нұрғали Арыстанов Чонджу қаласында өткен екіжақты экономикалық форумда мәлімдеді. Дипломатиялық өкілдік басшысының айтуынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Оңтүстік Корея Қазақстанға 717 миллион доллар көлемінде инвестиция құйған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 30 пайызға көп. 

Форум аясында екі елдің ірі компаниялары басшыларының кездесулері өтті. Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Оңтүстік Кореяда қазақстандық балмұздақ шығаратын зауыт салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-саттықтың қарыштап дамуына кедергілер бар. Оны қос тарап та біледі. Бүгінгі форумда осы мәселелер талқыланды. Алдағы уақытта шешімін табады деген үміт бар. Екі мемлекеттің де ауыл шаруашылығы саласында мүмкіндіктері зор. Біз соны пайдалануымыз керек, - деді  кореялық сауда компаниясының директоры Мун Сон Хо.

Өзгелердің жаңалығы