Қазақстан мен Канада достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бағытын растады

26 Қараша 2022, 18:30
815
Бөлісу:
Қазақстан мен Канада достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бағытын растады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Канада Премьер-Министрінің ЕО және Еуропа жөніндегі арнайы өкілі – Канаданың Франциядағы елшісі Стефан Дионмен және канадалық сенаторлармен жеке кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.  2022 жылғы 20 қарашада өткен президент сайлауының қорытындыларына, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларға ерекше назар аударылды.

Президенттік сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатысқан канадалық сенаторлар Виктор Оу мен и Жан Ги Дажэнэ сайлау нәтижелерімен құттықтап, халықаралық стандарттарға сай сайлау үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің бағытын қолдаған сайлаушылардың белсенділік танытқаны ерекше аталды.  Сенаторлар сауда-инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін растады.

Канада Премьер-Министрінің арнайы өкілі қазақстандық тарапты кезектен тыс президенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, канадалық тараптың Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған ауқымды реформаларын жүзеге асыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Тараптар Қазақстан-Канада қарым-қатынастарының ілгері дамып келе жатқанын айтып, екіжақты көпқырлы ынтымақтастықтың әлеуетін одан әрі ашуға өзара ниетін растады.

Өзгелердің жаңалығы