Қазақстан мен Италия үкіметтері арасында келісім бекітіледі

28 Желтоқсан 2023, 05:20
483
Бөлісу:
Қазақстан мен Италия үкіметтері арасында келісім бекітіледі
Фото: gov.kz

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қазақстанда қаза тапқан Италия әскери қызметшілерінің және Италияда қаза тапқан Қазақстан әскери қызметшілерінің жерленген жерінің мәртебесіне қатысты келісімге қол қою туралы құқықтық актінің жобасы дайындаkды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат екі мемлекеттің аумағындағы әскери қызметшілердің жерленген орындарын анықтауға, есепке алуға, жайластыруға және күтіп-ұстауға байланысты қызметті ретке келтіруге бағытталған. Мұндай келісім жерлеу орындарының сақталуына және оларды тиісті тәртіппен ұстауға жәрдемдесетін болады.

Осы НҚА жобасында Қазақстанның Қорғаныс министріне Келісімге қол қоюға өкілеттік беріледі.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 11 қаңтарына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы