Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандырмақ

9 Қазан 2024, 18:25
319
Бөлісу:
Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандырмақ
PHOTO
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

Ермек Кенжеханұлы басым бағыттардың бірі аграрлық сектордағы инвестициялық жобаларды іске асыру екенін атап өтті.

Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандырмақ

Біз Қазақстан мен Иран арасындағы АӨК өнімдерінің инвестициялық көрсеткіштері мен тауар айналымын арттыруға ұмтылудамыз. Сондай-ақ біз еліміздің аумағында жобаларды іске асыруға мүдделі ирандық инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. 2022 жылы біз Иранға рекордтық 1 млн тонна астық экспорттадық. Сіздермен басқа да маңызды бағыттарда жұмыс істегіміз келеді , - деді вице-министр.

Кездесуде тараптардың өзара іс-қимылы үшін негіз бола алатын негізгі салалар айқындалды. Олардың ішінде азық-түлік өндірісі, өсімдік шаруашылығы бар.

Әли Акбар Джоукар Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның балық өнеркәсібіне қызығушылық танытты.

Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандырмақ

Кездесуге қатысушылар белсенді байланыс орнатуға және барлық өзара тиімді бастамаларды талқылауға дайын екендіктерін растады.

Кездесу соңында Ермек Кенжеханұлы Иран елшісі мен әлеуетті инвесторларды қазан айында Астанада өтетін «KazAgro & KazFarm» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы