Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Иордания консулдық саладағы ынтымақтастықты күшейтуде

27 Қыркүйек 2025, 06:35
386
Бөлісу:
 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері министрлігінің Операциялар және консулдық қызмет департаментінің директоры Ферас Әл-Хоуримен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар консулдық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды. Әсіресе, Иордания аумағындағы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елші Талғат Шалданбай екі елдің консулдық құрылымдары арасындағы тиімді тетіктерді дамыту маңыздылығын атап өтіп, иордан тарапына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде, Ферас Әл-Хоури қазақ тарапымен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізіп, екіжақты қатынастардың қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

Кездесу қорытындысында тұрақты жұмыс байланыстарын сақтау және консулдық саладағы тиімділікті арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы